«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйелдер жамағаты салт-дәстүр насихатшысы, танымал педагог, әрі танымал жазушы, әйгілі батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен кездесті.
Кереку өңіріне арнайы іс-сапарымен келген Зейнеп Ахметова апамыз «Шуақты күндер» атты кітабының, «Бабалар аманаты» естелік-эссесінің тағы да басқа көптеген жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, ұлттық құндылқтарға арналған мақалалардың авторы.
Кездесу барысында ұлт жанашыры Зейнеп апай өнегелі өсиеттерімен, қазақтың қыздарының тәрбиесі, әйелдердің өнегелі істері, отбасылық құндылықтар жайлы ойларымен бөлісті.
Қазақ халқы болашақ ұрпақты ана құрсағында жатқанда - ақ тәрбиелей бастаған. Өйткені халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен беріледі. Осы байлығымыздан айрылмауымыз керек, дейді Зейнеп апай.
Сонымен қатар ата-дәстүріміздің заман талғамына сай қайта жаңғыртылуы, үлкенге ізет, кішіні құрмет тұту сынды мәселелер талқыланды.
Әйелдер мен қыздар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлердің тарихымен танысты.
Іс-шараға қатысқан әйелдер жамағаты кездесу кешінен жақсы әсер алды. «Аңызға айналған бабамыздың келінімен әңгімелесудің өзі бір ғанибет ғой.
Бүгінгі кездесуде өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға деген қызуғышылығымыз арта түсті. Басқа ұлттарға еліктемей, қазақтың өзіндік қасиеттерін сақтауымыз керек», - дейді олар. Үлгі тұтарлық ұлы тұлғаның өз аузынан өнегелі әңгіме тыңдаған жамағат, кездесу соңында алғыстарын айтып тарқасты.
«Мәшһүр Жүсіп» мешіті баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2016
3827
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру