
Дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту маңызды. Бұл туралы бүгін 7-ші Азаматтық форумда сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов айтты.
«Дерадикализация - бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс жасайтын сала. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана», - деді ол.
Вице-премьердің алға тартқан ресми статистикалық мәліметі бойынша елде 15 мың жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды. Бұған қарамастан, тек Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда ғана екіден көп орталық жұмыс жасайды, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ.
«Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана үкіметтік емес «Нұр-Мұра» ҚБ ұйымы дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады», - деді Тасмағамбетов.
ҚазАқпарат
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2016
3588
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру