Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб имам конференцияға қатысты

28.11.2016 3144 0 пікір

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы Павлодар облысының Ақсу қаласында өткен «Үйлену – сүннет, отбасын қорғау – міндет» атты аймақтық конференцияға қатысып қайтты. Ақсу қаласының бас имамы Әбдімүтәліп Омаровтың бастамасымен ұйымдастырылған алқалы жиынға Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамы Нұрлан Ефратұлы мен ауыл мешіттерінің имамдары, қала басшылары мен ауыл әкімдері  қатысып, аталмыш тақырып бойынша аталы сөз өрбітті. Отан отбасынан басталатын ескерген елдің көсегесі де көгере түсетіні конференцияға арнайы шақырылған қонақтар баяндамасында кеңінен тарқатылды.

 

Аталмыш конференцияға арнайы келген  Қуат Ерғалиұлын Павлодар қаласындағы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенттері де кездесуге шақырып, білікті ұстаздың келесі сапары білім ордасының акт залында өткен тағылымды кешке ұласты. Екі тілде өткен кездесу аясында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Нұрлан Ефратұлы мен Қуат Ерғалиұлының теріс ағымдар жайлы дәрісі студенттер үшін таптырмас ақпарат болды. 

Бұдан кейін Павлодар медресесіне ат басын тіреген білікті ұстаз құптан намазынан кейін шәкірттермен кездесу өткізіп, асыл дініміздің құндылықтары жайында уағыз айтты. Кездесу соңы медресе шәкірттерінің түйткілді мәселелерге байланысты қойған сұрақтарына жауап беруге жалғасып, жан байытқан рухани мәжіліс болды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру