
Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазіргі жағдайдағы дін аясында кездесетін экстремизм мен терроризм мәселелері жан-жақты талқыланды. "Мегаполис жағдайындағы дін атын жамылған экстремизмнің алдын алу" Алматы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына еліміздің және шет елдің дін, тарих, философия, саясаттану, құқық, әлеумет, әдебиет, филология, білім беру салаларының ғалымдары мен мамандары, БАҚ пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бүгінде қоғамымызды ғана емес, бүкіл әлемді мазалап отырған маңызды сауалдар төңірегінде жан-жақты ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды.
"Нұр-Мүбарак" университетінің ғалымдары мен бір топ докторант-магистранттары да тақырыпқа сай мақала-баяндамалар жасады. Алғашқылардан сөз сөйлеген Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет бұл конференцияның маңыздылығына тоқталып, Алматыдағы мешіттер, мұсылман жамағаттардың жағдайы мен тақырыптың бүгінгі өзектілігіне тоқталып өтті. Ал ҚР БҒМ Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор, академик Әбсаттар қажы Дербісәлі діндер аралық үнқатысу мен мәдениеттер жақындығы жайлы айта келе ислам дінінің негізгі мән-маңызын екшеп өтті.
Ал "Нұр-Мүбарак" университетінің оқытушысы, доктор Мухаммад Амин қазіргі теріс түсінік жетегінде жүрген жамағаттарға тән мәселені ғылыми тұрғыда, яғни "Тәфиризмнің (діннен шығару) — себептері мен ережелері" жайлы баяндама жасаса, магистрант Асқар Сабдин өткен маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаға сәйкес еліміздегі орын алған лаңкестік оқиғаларға қатысты себеп-салдарына тоқталды. Ал конференцияның екінші жартысында "Нұр-Мүбарак" университетінің докторанттары мен магистранттары "Ислам" және "Христиандық" секцияларында белсенділік танытты. Докторант Еркінбек Шохаев еліміздің батыс өңіріндегі жағдайды нақты дәлелдермен түсіндіріп, ал докторант Қуат Қабдолда қазіргі жастар
тәрбиесіндегі түсіндіру жұмыстарының ғылыми аспектілеріне тоқталып,
халықаралық жиынның маңыздылығын арттырды.
Айша КЕҢЕСБАЙ
"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2016
3579
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру