
Ақтауда ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша жастар ісі бөлімі «қыздар-әйелдер» секторының ұйымдастыруыменен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты мерекелік шара өтті.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жастар жамағаты мен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорының қатысуымен болған мазмұнды шараға Дін істер басқармасының «Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақытгүл Шопанова, облыстық мешіттің найб имамы Елдар Атибеков қатысып, жастарға Тәуелсіздік ұғымының құндылығы жайында айтып берді.
Мерекелік кеште мешіт жастары 1986 жылғы қазақ жастарының бойындағы қайсарлық пен намысты, батылдықты суреттейтін көрініс қойып, көрермендерді патриоттық сезімде қалдырды. Мұнан соң «Шын дос» деп аталатын қойылымға кезек беріліп, дүние мен достың, әке мен баланың қарым қатынасын көрсетті. Кеш барысында домбырамен күй тартылып, ән айтылды. Көрермендерге қазақ елі тарихынан сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар берілді.
Тәуелсіздікке деген құрметті, болашақ ұрпақтың тәуелсіздікті көзінің қарашығындай қастерлеп жүруге шақырған мерекелік кеш өз көрермендерін керемет әсерге бөледі.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.11.2016
3612
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру