Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балаларға базарлық жасалды

23.11.2016 3672 0 пікір

Ақтау қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленушілерге арнап рухани кеш ұйымдастырылды. Рухани кеште Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков дініміздің асыл құндылықтары жайында тоқталып, ардақты Пайғамбарымыздың () өнегелі өмірінен үзінді келтіріп өтті. Сонымен қатар, мұсылман адамның бойындағы мейірімділік, кеңпейілдік пен сүйіспеншілік жайында тұщымды әңгіме айтты. Бағдарламаға сәйкес арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, мешіт жастары тарапынан жыр-термелер орындалып, сахналық қойылым ұсынылды.

Кеш соңында балаларға сыйлықтар таратылып, арнайы дастархан жайылды. Балалар үйінің әкімшілігі балаларға көңілді кеш сыйлаған мешіт имамдарына алғыстарын білдірді. 

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру