Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбелік кәсіпкерлер мешітте бас қосты

22.11.2016 3285 0 пікір

Өткенде Ақтөбе өңірінің өкіл имамы Т.Оспанның ұйымдастыруымен мешітте кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлерге арнайы дастархан жайылып, оларға өкілдіктің атқарып жатқан жұмыстары, іс-шаралары таныстырылды. Сондай-ақ демеушінің көмегімен жүзеге асырылатын мешіттегі шешімін таппай тұрған күрделі мәселелерді кездесудің күн тәртібіне қойды. Солардың қатарында «Нұр-Мүбарак» университетінде оқып жатқан ақтөбелік 13 студенттің оқу ақысын төлеп беруге көмек сұраған болатын.

Осы жиыннан кейін ақтөбелік демеушілердің көмегімен сол университет қабырғасында оқып жатқан Самат Айша Абзалқызы  және Құсанова Майра Жетесқызының бір жылдық оқу ақыларының 175000 теңге көлеміндегі қаражатты төлеп берді. Сонымен қатар тағы бір жамағатымыз Гульфайруз есімді студентіміздің 50 мың теңге көлеміндегі оқу ақысын төлеп берді. Арамыздағы осындай жомарт ағаларымызға Аллаңың разылығы болсын.


Естеріңізге сала кетейік, Рамазан айында мешіт жамағатының қолдауымен, өкіл имамның ұйымдастыруымен Смағұлов Данияр Амангелдіұлының бір жылдық оқу ақысын толықтай, яғни 350 мың теңгені төлеп берген болатын. Мұндағы мақсат исламтану мамандығында оқып жатқан ақтөбелік студенттерді болашақта өз өңірімізге діни қызметке тарту болады. Алдағы уақытта әлі де ақылы бөлімде оқитын студенттердің болашақта асыл дінімізге аянбай еңбек ететінін, өз өңірімізге келіп қызмет ететінін ескере отырып ақтөбелік қалталы азаматтардан оқу ақысын төлеуге қолдау білдірулерін сұраймыз.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру