Биылғы ҚМДБ бастамасымен өтіп жатқан дін және тарих тағылымы жылына орай Науан хазрет мешітінде Құран көрмесі өткізілді. Қасиетті жұма күніне орайластырып, намазға келген жамағатқа асыл дініміз жайлы ақпараттар ұсынылды.
Мешіттің жастар ісі бөлімі мен «әйелдер-қыздар» секторының өкілдері шариғат жайлы сыр шертетін діни кітаптардың тарихына да жан-жақты тоқталып, мол мағұлматтар берді. Мұнда Шам елдерінен әкелінген көлемі үлкен Құран кітабы жайлы білгісі келгендер аз болмады.
Сонымен бірге, әйгілі Ибн Сина ғұламадан бастау алатын діни медициналық құралдар да жұрт назарына ұсынылды. Ал, ескіден келе жатқан, тарихы бір ғасырды құрайтын жайнамаздың да иесі жайлы білгісі келген жамағат бұл көрмеден көп ақпарат алды.
Алдағы уақытта мұндай көрмелерді жергілікті аудандарда да өткізу көзделіп отыр.
Бақыт Смағұл,
Ақмола облысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2016
3410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру