Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Франциялық қонақтар мешітте болды

18.11.2016 3428 0 пікір

Қазақстан егемендік алғалы бері өзге елдермен қарым-қатынас барынша нығайды. Жоғары оқу орындарының білікті мамандары да тәжірибе алмасып, болашақ кадрлардың жан-жақты,  толыққанды білім алуына қолдан келген жағдайдың бәрі де жасалуда.

Қазіргі таңда өңіріміздің маңдай алды оқу орындарының бірі — Қостанай мемлекеттік Ахмет Байтұрсынов университетіне сонау Франциядан дәріс беруге келген Dr Gaelle Roudaut пен Frederic Debeaufort өз саласының білікті тұлғалары.

Олар жуырда Қостанай шаһарындағы Аймағанбет Спанұлы атындағы облыстық мешітте болып, жаңадан пайдалануға берілген киелі орынмен танысты.

Мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам қонақтарға бұл күндері облыс жұртшылығының парасат ордасына айналған мешіттің имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулудағы тындырып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты айтып берді.

(Суретте: Dr Gaelle Roudaut мырза мен Frederic Debeaufort ханым)

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру