Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола имамдары жылдық есеп берді

18.11.2016 3661 0 пікір

Науан хазрет мешітінде Ақмола облысы аудандары имамдарының  жылдық есеп беру жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкіл имамы Қанат Қыдырмин Мүфтият тарапынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысыy жан-жақты талқылап, сала-сала бойынша атқарған игі істерді тыңдап шықты.

Имамдар есептерін арнайы бейне ролик арқылы көрсетіп, кітапшалар да әзірлеген.

Әрине, жақсы істерімен көрінген имамдарға алғыс айтылды. Кемшін тұстар да ауызға алынды. Себебі, имам діннің дамуына мол үлес қосатын және соның жауапкершілігін атқаратын тұлға саналады. Осы тұрғыдан келгенде әркім өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруы тиіс. Әсіресе, бүгінгідей әртүрлі жат ағымдар белең ала түскен кезде оларға көп жауапкершілік жүктеледі.

Жалпы, аудан имамдары төрт бағыт бойынша қолға алынған жұмыстарды тізбелеп айтты. Алдағы уақытта да бұл арнада Мүфтият қойып отырған міндеттер аясында жұмыстар істелінетіні аталып көрсетілді.

Бақыт Смағұл,

Ақмола облысы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру