Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әлемдік Құран жарысында қазақстандық қари қыз екінші турға өтті

17.11.2016 6974 0 пікір

Дубайда қыздар арасында алғаш рет халықаралық деңгейде қасиетті Құран хафиздарының жарысы өтуде. Біріккен Араб  Әмірліктерінде  Алланың кәләмін  бастан-аяқ жаттаған әлемнің 74 мемлекетінен  нәзік жандылар жиналды.

Қазақстан атынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті Гүлзар Тұрғанжан еліміздің намысын қорғауда. Іріктеуден мүдірмей өткен Гүлзар екінші турда бақ сынады. Күніне 7 қыздан сынға түскен қыздардың Қасиетті Құранды жатқа білуі, тәжуид қырағаты жан-жақты таразылануда.  

- Жарыс оңай емес. Тікелей эфир арқылы көрсетіліп жатқан бәйгеде өте мықты Құран қариларының бар екенін аңғаруға болады,-деді Гүлзармен хабарласқанымызда.


Біз де елден жырақта қасиетті Құранды жадына жаттап, жүрегіне  сақтаған  студентімізге сәттілік тілейміз. Қарашаның 6-да басталған халықаралық бәйге жеңімпаздары ертең, қасиетті жұмада белгілі болмақ. Гүлзар Тұрғанжан өткен мамыр айында "Нұр-Мүбарак" университетінде  елімізде өткен тұңғыш қыздар арасындағы Республикалық Құран қариларының жарысында жүлделі орынға ие болғанын еске сала кетейік.

 

Айша КЕҢЕСБАЙ

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру