Ұлттық қауіпсіздігімізге қатерін төндіріп отырған жат ағыммен күрес – бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл ретте атқарылар шаралардың бірі – жастар арасында Ислам діні құндылықтарын насихаттап, экстремизмнің алдын алу. Өткен аптада Атырау мұнай және газ университетінде ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы студенттермен кездесіп, сан ғасырлық салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан ата дініміздің қазақ тарихындағы орны жөнінде дәріс оқыды.
«Мейірім мен кешірім діні – Ислам діні адамзат баласын бауырмалдыққа шақыратын дін. Сондықтан да шариғат жүйесінде салт-санамызға қайшы келіп, ұлттық болмысымызды жоққа шығаратын ұстанымдардың болуы мүмкін емес. Өкінішке қарай, кейбір жастарымыз бүгінгі таңда адасқан ағымдардың жетегіне еріп, дінімізге күйе жағуда. Бұл – білімсіз, яғни діни, тарихи сауатсыздықтан туындап жатқан жағдай. Жастар – біздің болашағымыз, елдің ертеңі. Сол себепті жастарымыздың жат ағымға еріп, баба салтына мойынсұнбауы – түптеп келгенде, ел бірлігінің бұзылуына алып келетін рухани дерт», – деді бас имам өз сөзінде.
Сондай-ақ, Батыржан Берденұлы 500-ден астам студент қамтылған аудитория алдында жат ағым құрығынан сақтанудың бірден-бір жолы діни сауаттылықты арттырып, тарихи сананы қалыптастыруда жатқанын айтты.
Шара соңында студенттер бас имамға толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2016
3145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру