
«Қарты бар ел - қазыналы» демекші, қарттарға құрмет көрсету, батасын алу қашан да қалыптасқан дәстүріміз. Қазақ елі қай кезде де үлкеніне құрмет, кішісіне ізет білдіре білген дана халық. Міне, осыны ескерген «Иманғали» орталық мешіті өткен жұмада қазыналы қарияларына құрмет көрсетіп, кезекті дастарханын жайды.
Аталмыш жиынға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы қарияның қоғамдағы орны, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі, мешіттегі игі істер жайында сөз қозғады. Қарияларда бас имамға қолдау көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық ақыл кеңестерімен бөлісті.
Жиын соңында қариялар бас имамның көрсеткен қамқорлығына дән ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығына, дініміздің өркендеп-өсуіне ақ баталарын берді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2016
3355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру