Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

15.11.2016 3438 0 пікір

Жасасаң қайыр, қарыз деп айтпа жарқыным,

Қарыз ғып берсең қажетте емес алтының

(М. Мақатаев)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 4 бағытының бірі - қайымдырылық жасау.

Қостанай облысында демеушілердің көмегімен тағы да 50 отбасына азық-түлік үлестірілді. Бұл көмек түрлі топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар мен күнкөрісі төмен  жандарға көрсетілді.

Жалпы, қамқорлыққа мұқтаж кісілерге қол ұшын созып, көмек көрсету  үлкен сауап. Ол туралы қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 127-аятында: «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - делінген.

Облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрам келушілерге Ислам діні, қайырымдылық турасында уағыз айтты.

Қамқорлықты айқын сезінген жерлестеріміз бұл тағылымды шараны ұйымдастырған мешіт қызметкерлеріне шексіз риза.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру