
«Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады». Алла елшісінің (ﷺ) осы сөздерін негізге алып, амал етуге кіріскен Ақтөбе облыстық «Нұр» мешітінің дін қызметкерлері Алланың қалауымен, жамағаттың ауызбіршілігінің арқасында Хромтау қаласындағы жетімдер үйінде кешкі асқа дастархан жайды.
Жоғары деңгейде өткен кеште мешіт қызметкерлері уағыздар айтылып, ата-ана, бала турасында әндер шырқалып, балалардың көңілін көтерді. Сол мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларға 70 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Қонақтардың көңілі босап, балаларды бауырларына басып, әңгіме дүкен құрды.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің бапасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2016
3272
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру