
Қарағанды қалалық №1-мешітіндегі қыз балаларға арналған діни сауат ашу курсында Дін мен Дәстүр бағытын басшылыққа ала отырып, «Өнегелі отаудың өрісі кең» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.
Тәлім мен тәрбиесі, өнегесі мен жоралғылары сабақтасқан бұл сайысқа жасамыс қарт аналар мен қыз-келіншектер қатысты. Наиб имам Ермахан Оралбай сайысқа қатысушыларға кіріспе сөз сөйлеп, осындай кештердің бүгінгі уақытта маңыздылығын атап өтті. Мешіт ұстаздары Бақытгүл Жикенова мен Бакирова Арай қатысушыларды үш топқа бөліп «Қыз ұзату», «Келіннің сәлем салуы», «Сәбиді бесікке бөлеу», «Тұсау кесу», «Бала тәрбиесін құрсақтан бастау», «Әйелдің ерінің алдындағы міндеті» секілді діни құндылықтар мен ұлттық дәстүрдің озық үлгілерін көрініс арқылы тамашалатты.
![]()
Өмірден түйгені мол апалар қауымы ел намысы болып саналатын қыздарымызға қазақ халқының тұрмыс тіршілігіндегі бала денсаулығы мен рухани тәрбиесіне пайдалы дәстүрлерді көрсетіп берді. Жастар жағы да өздерінің заман талабына сай біліктіліктерін көрсетіп, дәстүрді жаңғыртып жатқандығын осы сайыста айқын аңғартты. Дін мен Дәстүр сабақтасып, жан-жақты өткізілген сайыстың соңында жеңімпаздар анықталып, оларға сый-сияпаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.11.2016
4174
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру