Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам колледж студенттерімен кездесті

14.11.2016 3299 0 пікір

Бүгінгі таңда діни экстремизм секілді ғасыр індетімен күресудің бір жолы – өскелең ұрпаққа тура жол нұсқап, уағыз-насихат жүргізу. Өйткені, жас ұрпақ – ертең елдің тұтқасы, қоғамның ұйытқысы.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы "Дина Нұрпейісова" атындағы Атырау музыкалық колледжіне арнайы барып студенттермен кездесті.

Бас имам кездесу барысында Ислам дінінің ұлтты тұтастырушылық құндылықтарына тоқтала келе, байырғы қазақ дәстүрімен біте қайнасқан асыл дініміздің артықшылықтарын атап көрсетті. Жастардың елжандылық сезімін оятуда, намысқа тәрбиелеуде хақ дініміздің алар орнының ерекше екенін айтты. "Міне, осындай таза, асқақ, бауырмалдық пен татулыққа жетелейтін дінімізді құрметтеу адамзаттың өзін, өзін жаратқан жаратушыны құрметтегені болып табылады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда кей жастарымыздың туған тархынан жеріп, ата-анасына қарсы келуі – бұл білімсіздіктің салдары. Жат ағыммен күресу, олардың алдын-алу – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ел бірлігі қашан да ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты. Сондықтан да сіздерді бабалар тарихын қадірлеп, ата дінімізді сүюге шақырамын», – деді ол өз сөзінде.

Шара соңында студенттер көкейлерінде жүрген түйткілді сұрақтарын қойып, бас имаммен еркін пікір алмасты.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру