
Бір ай көлемінде "Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы жүзеге асыру жоспарлануда.
Аталмыш топ бармаған аудандарға жергілікті мамандардан құралған арнайы 8 жұмыс тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. Бүгін 1-бағыт бойынша яғни, "Ауқымды түсіндірме жұмыс" тобы Әйтекеби ауданында өз жұмысын әкімдік ғимаратында кездесуден бастады. Сондай-ақ, Әйтекеби көпсалалы колледжінің студенттерімен, мектеп оқушыларымен және мешіт жамағаттарымен кездесулер өткізуде. Теріс ағымның зардаптары, алдын алу шаралары түсіндірілуде. Естеріңізге сала кетейіқ, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен үстіміздегі жылы 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Әйтекеби, Қарғалы, Мәртөк, Байғанин, Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандарында 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
"Нұр Ғасыр" облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.11.2016
3457
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру