Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әлем чемпионатына қатысатын спортшы қызға қаржылай көмек көрсетілді

11.11.2016 3163 0 пікір

«Джиу-джитсу» жауынгерлік өнердің Ақтөбе облыстық федерациясы өз спортшыларын Әлем чемпионатына дайындауда.

Әлем чемпионаты үстіміздегі жылдың 24-28 қарашасында Польшада өткізіледі. Қазақстан құрамасы қатарында Әлем чемпионатына каратэ мен джиу-джитсудан бірнеше дүркін Қазақстан Чемпионы – ақтөбелік Оразалина Ажар Өмірсерікқызы қатысады.

Ақтөбе қаласындағы бұрынғы «Ислам ақиқаты» журналының редакторы әрі мешітіміздің жамағаты Оразалин Өмірсерік есімді азамат «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітіне спортшы қызының жарысқа қатысуына демеушілік көмек көрсетуімізді сұрап келген болатын. Соған орай Өкіл имамның тапсырмасына сәйкес мешітімізден құрылған «Сен де үлес қос» акциясы аясында еліміздің намысын қорғауға аттанып бара жатқан спортшы қызымызға ақшалай көмек көрсетіліп, Оразалин Өмірсерік мырзаның қолына табысталды.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру