Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысында «Діннің талабы-тыныштық пен бейбітшілік» атты семинар өтті

11.11.2016 3543 0 пікір

Алматы облысы, Балхаш ауданы, Бақанас ауылында «Діннің талабы – тыныштық пен бейбітшілік» атты облыстық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін күшейту және патриоттық сезімін қалыптастыру, дін саласын реттеу, өңірлерде туындайтын мәселелерді жете түсіндіру сонымен бірге қоғамдағы конфессияаралық келісімді сақтау, діни ахуалын тұрақтандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу болды.

Іс-шараға Алматы өңірінің өкіл имамы, Алматы облысы дін істері басқармасының қызметкерлері, ішкі істер департамент қызметкерлері, аудан және ауыл имамдары, жастар қауымы, мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар, БАҚ өкілдері қатысты. Өкіл имам «Дінаралық татулық-бейбітшілік пен тыныштық кепілі» атты тақырыпта баяндама жасап, жиналған қауым сұрақтарына жауап берді.

Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру