Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты мереке.
Міне, осы айтулы мейрамның құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Социум & Я» Қоғамдық бірлестігі және Діни проблемаларды зерттеу орталығының демеушілігімен қалалар, аудандар мешіті жамағаты арасында шахмат турнирі өтті.
Онда облыстық мешіттің наиб имамы Азамат Мурзаканов бұл шараның басты мақсаты – өңірдегі мұсылмандар қауымының ауызбірлігі мен ынтымағын нығайту, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты күшейту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау екендігіне тоқталды.
Турнир өте қызықты да тартымды ұйымдастырылғандықтан көпшіліктің есінде қалды. Оның қорытындысы бойынша, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.11.2016
3492
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру