
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының діни қызметкерлеріне арналған сынақ болып өтті. Сынаққа Елордамыздағы құлшылық ордалары мен медреселерде қызмет атқаратын 46 адам қатысып, өз білімдерін сарапқа салды.
Айта кетейік, аталмыш сынақ сұрақтары былтырғы жылы елімізде тұңғыш рет өткізілген Республикалық имамдар форумы аясында бірауыздан бекітіліп, қабылданған ҚМДБ-ның төрт құжаты - «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» еңбектері мен 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы негізінде дайындалып жасалған. Діни қызметкерлердің білімін саралап, біліктілігін байқау ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлына табысталды.
Комиссия мүшелері жалпы сынақ барысы ойдағыдай өткенін айтады. Еліміздің бас қаласындағы имамдардың барлығы да аталмыш төрт құжат бойынша өз білімдерін жоғары екенін байқатқан.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.11.2016
3738
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру