Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада жаңа мешіт ашылды

08.11.2016 3671 0 пікір

Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде сыйымдылығы 200 адамға арналған жаңа мешіт ашылды. 

Мешіттің ашылуына  ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі орталық Ақмешіт-Сырдария мешітінің бас имамы Талғат Омаров Сейіткәрімұлы және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұрхан Бұхарбайұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Осы кезеңге дейін ауылда мешіт болмаған. Мешіт салып беруші ауыл тұрғындары Рахматуллаевтар әулетіне тұрғындар ризашылығын білдірді. Аумағы 300 шаршы метрді алатын мешіттің жағдайы жасалған. Дәрет алатын орындар ыстық сумен қамтамасыз етіліп, едені жылумен жүйеленген. Жанында мешіттің имамына арналған 2 бөлмелі үйі де бар.

Алланың жердегі үйінің тұрғызылуына септігі тиген барша азаматтарға халық ризалығын білдірді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру