Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде әйелдер мен қыздар секторының жамағатпен кездесуі болып өтті. Онда «Үмметтің байлығы - бірлікте» тақырыбы әңгімеге арқау болды.
Облыстық мешіттің наиб имамы Дархан Манарбекұлы қозғалып отырған мәселенің өзектілігіне тоқталып, жиналғандарға уағыз айтты.
Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі, уағыздан соң намазхан әйелдер мен қыздар арасында тағамдар жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жамағатқа діни және ауызбірлік тақырыбына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Аналар арасында ұйымдастырылған бата беру сайысы да киелі орындағы жұртты елең еткізер оқиға болды.
Жастарға танымдық-тағылымдық жағынан берері мол шараны ұйымдастырған Жансая Салауатқызына ақ жаулықты аналарымыз шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.11.2016
3865
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру