Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам жамағатқа намаздың шарттары мен рүкіндерін үйретті

07.11.2016 3738 0 пікір

Өкіл имам жамағатқа намаздың шарттары мен рүкіндерін дәлел-дәйектермен білу керектігін үйретті.

Асыл дініміздегі құлшылықтың қай түрін алсақ та, өзіндік орны мен артықшылығы бар екені сөзсіз. Және олардың әрқайсысы Құран мен хадиске сүйенеді. Құлшылықтың ұлығы намаз да осы тәсілмен реттелген.

Облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан жұма намазына жиналған жамағатқа намаздан соң дініміздің құндылығы болып табылатын «намаз» оқудың шарттары мен рүкіндерін, ханафи мәзһабы бойынша оқу үлгісін дәлел-дәйектермен айтып берді. Өйткені көбісіміз құлшылықты орындасақ та, оны дұрыс оқылып оқылмауына бейжай қарап, әрбір амалына нақты дәлел келтіріп бере алмай жатамыз. Қияметте әрбіріміз өз қол астындағыларға жауап беретініміз анық. Сол секілді имам да жамағатының сауатсыз қалмауын қадағалауда.

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің бапасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру