ҚМДБ-ның Өскемен аймағы имамдарының кезекті айлық жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы қатысты.
Басқосуға Өскемен аймағына қарасты аудан және қала имамдары шақырылды.
Жиналыста өткен 10 ай бойы атқарылған шаралар талқыланып, алдағы жоспарлы шаруалар белгіленді. Аудан және қала имамдарына жеке-жеке арнайы нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.
Өкіл имам имамдарға Діни басқармадан белгіленген төрт бағыт бойынша жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, халық игілігі үшін талмай жұмыс жасауды тапсырды.
Сонымен қатар имамдарға ҚМДБ-дан берілген арнайы нұсқаулықтар таныстырылды.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2016
3740
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру