Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіттегі еріктілер тобы қайырымдылық жасады

07.11.2016 3571 0 пікір

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің жанынан «Рақым нұры» еріктілер тобы ашылған болатын. Жастар өкілі Темірханов Асылхан және «Рақым нұры» еріктілер тобы мешіт алаңында жәрмеңке ұйымдастырып, қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл шараға жұма намазына келген жамағат ат салысып, заттарды сатып алды. Акциядан түскен қаражат туған кезінен бастап мүгедектік арбаға таңылған Ақмарал есімді қызға берілетін болды. Қызының сал ауруымен ауырып жатқанын айтқан Досмағамбетова Гаухар апамыз оның ауруын емдеуге аз да болса да ақшалай көмек көрсетуге өтінішін білдірген еді. Өткізілген қайырымдылық акциясынан түскен 45 мың теңге мөлшеріндегі қаражат Гаухар апамызға көмек ретінде табысталды. Қоғамда осындай көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі бауырларымыз көп. Алла Тағала оларға шипасын берсін!

 

 

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру