Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Ұлытау облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.07.2026 132 0 пікір
Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

Жезқазған қаласындағы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XV Республикалық Құран байқауына Ұлытау облысы бойынша іріктеу сайысы ұйымдастырылды.

Дәстүрлі түрде өткізілетін рухани шараның басты мақсаты – қасиетті Құран Кәрімді жаттау мен көркем оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, қарилардың білім-білігі мен шеберлігін шыңдау, сондай-ақ елімізде Құран мәдениетін дамыту.

Сайысқа Ұлытау облысының қала-аудандарынан келген үміткерлер қатысып, Құранның 10 парасын, 20 парасын, 30 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу аталымдары бойынша өзара бақ сынады. Қазылар алқасы қатысушылардың жаттау деңгейіне, тәжуид қағидаларын сақтауына, оқу мәнері мен дауыс нақышына жан-жақты баға берді.

Құранның 30 парасы бойынша:

I орын – Рахматов Ахмад Махмадраджабович;
II орын – Абжалов Азамат Аралбайұлы;
III орын – Зайдов Мухриддин Улуғбекұлы.
Құранның 20 парасы бойынша:

I орын – Муслим Хакимжанұлы;
II орын – Дінмұхаммед Жанатұлы.
Құранның 10 парасы бойынша:

I орын – Мейрамбай Рахымжан;
II орын – Сейтұлы Омар;
III орын – Өрісбай Арсен.
Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

I орын – Қаршиев Юсуф;
II орын – Елжан Асхатұлы;
III орын – Модалиев Айбек.
Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қарилар республикалық кезеңге жолдама алып, XV Республикалық Құран байқауында Ұлытау облысының намысын қорғайтын болады.

Алла Тағала барлық қатысушылардың еңбегіне береке беріп, қасиетті Құранға қызмет етуші қарилардың қатары арта берсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру