Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай еліміздің барлық өңіріндегі мешіттерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Айтулы мереке аясында мешіт аумақтарында киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған рухани-мәдени бағдарламалар өткізілуде. Сонымен қатар жамағат арасында қазақ халқының салт-дәстүріне сай түрлі ұлттық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылып жатыр.
Аталған шаралар Құрбан айт мейрамының рухани мәнін кеңінен насихаттаумен қатар, халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтауға, қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған.




























































































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
29.05.2026
827
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру