ҚМДБ ұйымдастыруымен Нұр-Мүбарак университетінің студенттеріне ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шара барысында 920 студентке «Рамазан сыйы» табысталды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Ершат Ағыбайұлы, Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Дәділұлы және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов қатысты.
Игі бастама аясында жатақханада тұратын 920 студентке 244 қораптан тұратын, жалпы салмағы 7 тонна болатын азық-түлік жиынтығы үлестірілді.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы шәкірттерді қасиетті Рамазан айымен құттықтап, білім жолында табыс тіледі.
Өз кезегінде білім ордасының студенттері ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
13.03.2026
1598
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру