Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сарышаған» мешіті (Суреттер)

«Сарышаған» мешіті

Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінде орналасқан. Құрылысы 2004 жылы басталып, 2006 жылы пайдалануға берілген. Аумағы 1200 шаршы метр. Ауласына түрлі гүлдер отырғызылып, жарық шамдары қойылған, жолдарына плита төселген. Дуалмен қоршалған, биіктігі 1,5 метр. Мұнарасының биіктігі 3 метр, кірпішпен өрнектелген. Күмбезінің үстіңгі жағына кішкене терезелер қойылған.

Намаз оқитын залының алаңы 40 шаршы метр. Имамның бөлмесі, сондай-ақ 20 шаршы метр дәрісхана, жуынатын бөлме қарастырылған. бөлмелеріне кілем төселген. Дауыс күшейткіш құралдармен жабдықталған. Ғимарат қабырғасы темір бетон, сырты қапталған. Дәліздің аумағы 25 шаршы метр, едені цемент, жарық нүктелері бар.

Осы облыстағы мешіттер