Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Исатай-Махамбет» мешіті (Суреттер)

«Исатай-Махамбет» мешіті

«Исатай-Махамбет» мешіті Махамбет ауданының орталығы Махамбет аулында бой көтерген. 2003 жылы ақиық ақын Махамбет Өтемісұлының туылғанына 200 жыл толу салтанатына ашылған. Ұзындығы 25 метр, ені 15 метр, ал жалпы көлемі 80 шаршы метр. Биіктігі 22 метрлік бір мұнаралы, биіктігі 4 метрлік бір күмбезді. Ғимаратқа 150 шырағы бар 500 келілік аспалы шам ілінген. Мұнда бір мезгілде 130 ер және 30 әйел намаз оқи алады. Ауласында ұзындығы 13, ені 9 метрлік дәрісхана үшін жеке ғимарат салынған. Ғибадатхананың жеке жылыту жүйесі мен қойма үйі және асханасы да қарастырылған. Облыс әкімшілігінің қолдауымен «Ержан Стеклопак» ЖАҚ және И.Тасмағамбетов салдырған.

Мешіттің ашылу салтанатына Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Дінбасы Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты құттықтады.

Осы облыстағы мешіттер