Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр

Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр

Төрәлі Еділбайұлы Қыдыр

16.08.1977 жылы Түркістан облысы Келес ауданы Бозай елдімекенінде дүниеге келген.

 

Білімі:

1994-1996 жж. ҚМДБ жанындағы Ислам институты;

1996-2002 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті/ Алматы.

1998 ж. Табатабайи университеті/ Тегеран (Иран Ислам Республикасы);

1999-2000 жж. Тегеран университеті/ Тегеран (Иран Ислам Республикасы);

2010 ж. Ыстамбул университеті/ Ыстамбул (Түркия).

Мамандығы: Шығыстанушы-филолог. Парсы тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Аудармашы-референт.

 

Еңбек жолы:

2002-2006 жж. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер/ Алматы;

2005 жылы ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты жанындағы Диссертациялық кеңесте «Қазақ даласында ислами әдебиеттің тууы және қалыптасуы (Х-ХІІ ғғ.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

2006-2011 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Түркология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер/ Түркістан

2006-2008 жж. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беретін К14.44.03 Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы (Академик Р.Бердібай төрағалығындағы);

2008 -2011 жж.  Университет құрамындағы Жас Ғалымдар кеңесінің төрағасы;

2008-2011 жж. ҚР Тұңғыш Президент Қоры жанындағы  Жас Ғалымдар кеңесінің мүшесі;

2011-2017 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті/ Алматы

2012-2014 жж. СДУ Ғылым департаментінің директоры/Алматы

2017-2018 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ орталығының директоры/ Алматы

2017-2019 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі/ Алматы

2019 жылдан ҚР БҒМ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Жетекші ғылыми қызметкері, Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімінің меңгерушісі

 

Ғылыми атағы мен марапаттары:

Филология ғылымының кандидаты (2005 ж.); Доцент (2011 ж.)

2004 ж. ҚР Президент грантының;

2005-2006 жж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Талантты Жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік стипендиясының иегері;

2016 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтой медалімен;

2018 ж. Әзербайжан Республикасы Dədə Qorqud ұлттық қорының Dədə Qorqud атындағы сыйлығымен;

2021 ж. Абайдың Академиялық жинағын дайындауда қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен;

2021 ж. Халықаралық Түрксой ұйымының арнайы сыйлығымен марапатталған. 

Парсы, араб, түрік және бірқатар түркі тілдерін (қыпшақ, оғыз және қарлұқ диалектілері) меңгерген.

 

Кітаптары:

  1. «Мәдени мұра» бағдарламасы 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» сериясы аясында Сүлеймен Бақырғани. Ақырзаман (ХІІ ғ.). 7-ші том. Алматы: Таймас, 2008. – 480 б.
  2. «Мәдени мұра» бағдарламасы 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» сериясы аясында Насируддин Бурһануддин Рабғұзи. Пайғамбарлар тарихы (ХІҮ ғ.). 8-ші том. Алматы: Таймас, 2008. – 480 б.
  1. «Мәдени мұра» бағдарламасы 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» сериясы аясында Махмуд әл-Кердери. Нәһджул–фәрадис (Жұмақтардың ашық жолы) (ХІҮ ғ.). 10-шы том. Алматы: Таймас, 2010. – 480 б.
  1. С.Бақырғани мұрасы (портрет) // Қазақ әдебиетінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық кезең). 10 томдықтың 2-томы, 3 б.т. Алматы, Қазақпарат. 2006 ж.
  2. Ахмет Иасауи. Диуани хикмет (аударма, транскрипция, мәтін, сөздік). Түркістан: Тұран, 2010. – 400 б.
  3. Харазми. Махаббатнама. Түркістан: Тұран, 2010. – 96 б.;
  4. Бабыр. Мубәййән дәр фикһ. Алматы: Нұрлы әлем, 2013 ж. – 320 б.
  5. Атаи. Ғазалдар. Алматы: Нұрлы әлем, 2013 ж. – 320 б.
  6. Шәді төре Жәңгірұлы. Ахуал қиямет. Алматы: Нұрлы әлем, 2011. 3 кітап. – 350б.
  7. Шәді төре Жәңгірұлы. Назым сияр шәриф. Алматы: Нұрлы әлем, 2011. 3 кітап. - 335 б.
  8. Алтын Орда дәуіріндегі діни-дидактикалық шығармалар. Алматы: Таймас, 2011 ж. – 480 б.
  9. Дәстүрлі Ислам жауһарлары. Алматы: Таңбалы, 2016 ж.
  10. Оян, қазақ! Тұр, қазақ! Жатпа, қазақ! Алматы: Таңбалы, 2016ж.
  11. Түркістанның пірі Қожа Ахмет Иасауи. Монография (Қазақ, парсы тілінде). (Ирандық профессор Али Амир Чиноримен бірге). Алматы: Лантар Трейд, 2018 ж.
  12. Дешті Қыпшақ даласындағы ислами әдебиет (Х-ХV ғғ.) (Ислам, иман және ихсан мәселелерінің жырлану ерекшеліктері). Монография. Астана, 2018 ж.
  13. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. Исламға дейінгі әдеби жәдігерлер. 1 том. Алматы: Evo Press, 2019.
  14. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. Қарахандықтар дәуіріндегі әдеби жәдігерлер (ІХ-ХІІ ғғ.). 2 том. Алматы: Evo Press, 2020.
  15. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби жәдігерлер (діни-дидактикалық шығармалар). 3 том. Алматы: Evo Press, 2020.

Сондай-ақ мерзімді баспа беттері мен ғылыми жинақтарда Шығыс жазба мұрасы мен ислами құндылықтарға қатысты 70 аса ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалары жарияланған.

Иран, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Ауғаныстан елдерінде өткен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерде түркілердің рухани мұрасына қатысты баяндамалар жасаған.