Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйелдің жәннаттық болуының себебі

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 09.08.2018 7828 0 пікір

 

Көпшілігіміз бізді бақытты ететін де, бақытсыз ететін де өзге жандар деген түсініксіз қағидамен өмір сүреміз. Оған ері әйелін немесе керісінше әйелі ерін бақытты етуі тиіс деген секілді мысалдарды жатқызуға болады.

Негізінде бақыт әр адамның өз қолымен жасалатын дүние. Өзгелерге қандай қарым-қатынас жасаса, дәл сондай жауап алады, өзінің мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету арқылы өмірлік серігінің де бойынан өзгерістер байқай алады, т.б.

Бұл мақала Алла Тағаланың парыз ғана емес, нығмет етіп жазған амалдарды орындау арқылы отбасылық бақытқа қол жеткізуді қалайтын нәзік жандыларға арналады.

 

Бұл жерде Алла Тағала мақтаған әйел болуға ынталандыратын кімдер екені айтылады.
 

Әйелдер де ерлермен теңдей сауапқа кенеледі

Жәбир ибн Абдулла: «Бірде біз Алла елшісімен ﷺ отырған едік. Сол кезде оған бір әйел келіп: «Уа, Алланың елшісі! Саған сәлемдер болсын! Мені саған бір топ әйелдер жіберіп отыр. Алла Тағала ерлердің де, әйелдердің де Раббысы, Адам болса ерлер мен әйелдердің әкесі болып саналады, ал сені Жаратушы ерлермен қатар, әйелдерге де жіберді. Олай болса, ер адамдар Алла жолында шайқасқа шығып, қайтыс болса «...олар тірі, әрі раббыларыңның дәргейінде ризық-несібеге бөленуде» делінеді. Олар майданға өздеріне әзірленген сыйдың қаншалықты екенін білген хәлде аттанады. Ал біз болсақ, үйде отырамыз, күйеуімізге қызмет етеміз. Бізге берілер сый қандай болмақ?»,- дейді. Оның бұл сұрағына Алла елшісі: «Ол әйелдерге менің сәлемімді жеткіз және былай де: «Олар еріне бағынулары арқылы дәл осындай сыйға кенеледі, бірақ мұны біразың ғана орындайсыңдар!»,- дейді.

Әйел адам жәннатқа кіреді

Қандай да бір әйел бес уақыт намазын оқып, Рамазан айында ораза ұстап, абыройын сақтап әрі еріне бағынар болса оған жәннаттың қалаған есігінен кіру бақыты бұйырады.

Алланың разылығы – ерінің разылығында

«Алланың разылығы, ерінің разылығында, Алланың қаһары да, ерінің ашуында»

Ерінің разылығынсыз атқарған құлшылық

«Ері разы болмаған әйелдің кез келген құлшылығы, жағдай өзгермейінше қабыл болмайды» (Сахих ибн Хиббан)

Ерінің разылығы – Раббысының разылығы

«Еріне шүкіршілік танытпайтын әйелге Алла Тағала назарын да салмайды»
Өзге хадистерге сәйкес, әйел баласының жәннаттан мақұрым қалуының басты себебі- еріне шүкіршілік қылмауы екен. (Сахих Бұхари)

Сенің тозағың әрі жәннатың

«Еріңе қатысты мәселеде сақ бол, себебі ол сенің тозағың не жәннатың»

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру