Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ - ТҮБІ ЖОҚ СЫРЛАС

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 14.07.2018 5305 0 пікір

Нәзік жандылардың назарына: егер отбасыңыздағы жылулық пен махаббатты сақтап қалғыңыз келсе, төмендегі аталған амалдарды жасаудан аулақ болыңыз.

Құрметсіздік

Ер адамға құрмет көрсету - оған деген махаббатыңызды жеткізудің бірден бір жолы, сондықтан да еріңізге құрмет көрсете алмасаңыз, ол мұны арадағы сезімнің суып бара жатқаны деп қабылдауы ықтимал. Ер адамды сыйлау деген сөз – ол кісінің үйдегі орнының ерекше екенін көрсету, кез келген шешім қабылдамас бұрын ол кісімен кеңесу, берген кеңестерін қабылдау, сөзін бөлмеу. Ер адам өзін отағасы деп қабылдайтын, оған демеу болатын, тиісінше құрмет көрсете білетін жарды таңдағаны жөн. Ал, әйел баласы басымдықты ер адамға берп, отағасын бірінші орынға қоюуы тиіс, ал қызметі, үйі, туыстары, құрбылары екінші, үшінші орында болса жеткілікті. Отбасындағы кикілжіңдер көбінесе осы басымдықтың дұрыс қойылмағынан туындап жатады.

Өсек

Әйел баласының сөзшеңдігі әрі қаңқу сөздерге жақын келетіні жасырын емес. Кез келген жерде әңгіме-дүкен құрып жіберуге дайын тұрады. Алайда кей кездері сөз арасында тіптен шектен шығып, өзгелердің жеке өмірін, қадір- қасиетіне шейін сөз етіп жібереміз. Отағасымен ара-қатынасымызды туысымыз, құрбымыз білуге тиіс пе? Бұл мәселе айналадағы жандардан жасырын қалуы тиіс! Егер күйеуіңіздің бойынан ерсі қылық байқар болсаңыз, жарияға жар салып, оны ұятқа қалдырмай, оңашада жұмсақтықпен жеткізген жөн. Әйтпесе, жылы ұяңыздың бұзылуына әкелуіңіз мүмкін.

Шағымдану

Үнемі шағымданып, ызыңдап жүретін адаммен сөйлескен соң қандай әсерде боламыз? Әлбетте, жағымсыз. Күйеуіңіздің  көзіне үнемі шағымданып жүретін қанағатсыз адам ретінде қалыптасуды қалайсыз ба? Егер қаласаңыз, онда жасқанбай кез келген нәрсеге шағымданып, қанағатсыздық таныта аласыз. Алайда үнемі шағымдана бергеннен өміріңіз жақсарып кетпейді. Өзіңізді мазалайтын дүниелерді бүкпестен жолдасыңызға айта аласыз, алайда бұл сіздердің өмір бойы талқылайтын жалғыз мәселеге айналып кетпеуі керек.

Сын айту

Ешқандай адам өзіне тағылған сынды тыңдағанды ұнатпайды. Олай болса сіздің де күйеуіңіз сынды қуана қабылдайды деп айту қиын. Ол – толыққанды қалыптасқан жеке тұлға. Өзінің жеке ойы, көзқарасы бар. Ал сіздің таққан сыныңыз оның жеке әлемін бұзуы мүмкін, ал бұл қателік. Бұл қылығыңызбен күйеуіңіздің көңілін қалдырып, қатігез болуына жол ашасыз. Үнемі өзіне қарата айтылған сынды жаңсақ түсініп, ара-қатынастың суып кетуіне алып келуі бек мүмкін.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру