Бойжетіп, ұзатылатын қыздың өз теңін тауып қосылуы Ислам құқығында «кәфаәт» деп аталған. Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір сөзінде әйел затын өз теңіне қосуды өсиет еткен. Демек, қызды ұзатпай тұрып күйеу жігіт пен қалыңдықтың бір-біріне тең, әлде тең еместігін анықтап алудың мәні зор. Бұл – дініміздің жаратылысы нәзік қыз балаға қорған болуының белгісі.
Дініміз қашан да әйел баласының жаратылысын ескеріп, оған ерекше қамқорлық танытқан. Ер кісінің үйленуі сәтсіздікке ұшыраса, ажырасуы оған пәлендей қиындық тудырта қоймауы мүмкін. Ал, өмірде жолы жіңішке әйел адамға мұндай жағдай үлкен соққы болады. Сондықтан осыны әу бастан ескерген дініміз қыз баланың опық жеп қалмауы үшін теңіне қосуға үлкен мән берген
Кейбір мұсылман ғұламалары екі жастың бір-біріне деген лайықтығын салыстырудың қажеті жоқ деген де пікір білдірген. Олардың көзқарасы бойынша, отбасын құратын жастардың мұсылман болуы және үй болуға ешқандай кедергінің болмауы жеткілікті. Дәлел ретінде олар «Хұжурат» сүресінің 13-аятында айтылған «Әлбетте, сендердің Алланың алдындағы ең құрметтілерің – тақуаларың» деген аят пен «Адамдар тарақтың тісіндей бір-бірімен тең. Арабтың басқа ұлттан артықшылығы жоқ. Артықшылық тек тақуалықта» және «Арабтың басқа ұлттан, басқа ұлттың арабтан, қызыл түстінің қара түстіден, қара түстінің қызыл түстіден тақуалығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ», – деген хадистерін негізге алады.[1]
Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде болған кейбір оқиғаларды да дәлел ретінде алға тартады. Мысалы, бір күні қара нәсілді сахаба Біләл Хабаши (ол кісіге Алла разы болсын) ансарлық бір отбасының қызын айттырады. Әлгі отбасы қара нәсілді сахабаны қызына тең көрмегендіктен, келісім бермейді.
Мұны естіген Расулалла (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларға барып: Алла елшісі қыздарыңды маған берсін деп жатыр деп айт», – дейді.
Дегенмен, жігіттің қызға лайықтығын мөлшерлеп-таразылаудың қажеті жоқ дейтін ғұламалардың саны аз. Ғұламалардың басым бөлігі қызды теңіне беруді қолдайды. Бұны некенің шарты болмағанмен, қажетті жағдайлардың бірі деп қарастырады. Себебі, Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір күні хазірет Алиға (р.а.) былай деген:
«ثَلَاثَةٌ يَا عَلِيُّ لَا تُؤَخِّرْهَا: الصَّلَاةَ إِذَا أَتَتْ وَ الْجَنَازَةَ إِذَا حَضَرَتْ وَ الْأَيِّمَ إِذَا وَجَدَتْ كُفُوًا»
«Уа, Али, үш нәрсені кешіктірме: Уақыты кіргенде намазды, дайын болған кезде жаназаны, теңі табылғанда қызды».[2]
Ал, келесі хадисінде былай дейді:
«Әйелдерді өз теңіне қосыңдар. Оларды уәлилері (ата-анасы немесе ата-анасы болмаған жағдайда солардың орнындағы жақындары) үйлендірсін. Он дирхамнан аз мәһір жоқ».[3]
Міне, осы хадистерді басшылыққа алған ғұламалар қызды лайықты орынға ұзату керек дейді. Сүннетті берік ұстанған иісі мұсылман халқымыз да «теңі келсе, тегін бер» деп, қыздың теңін табуын қош көрген.
Діндарлық
Ислам
Бас бостандық
Тегі
Тұрмыс жағдайы
Мамандық
Белгілі бір мамандық иелену де кісінің рухани өрістеуіне сеп болады. Ғалымдардың пікірінше, күйеу жігіттің мамандығы қалыңдықтың мамандығынан жоғары тұрып, отбасын асырауды өз мойнымен көтере алса, қызды ұзатуға лайық болғаны. Сонымен қатар күйеу жігіттің білімі қалыңдықтың парасат-пайымынан жоғары тұрғаны өте құптарлық жайт. Сонда отағасының сөзі де өтімді болмақ. Білім мәселесі әрі діни жағынан, әрі жалпы мәдениет жағынан да қарастырылғаны абзал.
Жалпы алғанда, әр жігіт пен қызға өмірде өз теңін тауып қосылуы аса маңызды. Бұл отбасының жарасымдылығы мен татулығын сақтап қалуда айтарлықтай рөл атқарады. Сондықтан үйленетін жастарға мәселенің осы тұсына да мән беруі олардың дұрыс шешім қабылдауына ықпал етері сөзсіз.
[1] Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, V, 411
[2] Тирмизи, Салә, 13
[3] әз-Зәйлаи, Насбур-раиә, III, 196-бет, 1973 ж.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру