Бұл жайлы Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ):
Қоғамның бет алысы да әйел затының тәрбиесі мен әдебіне байланысты. Өйткені, баланы дүниеге алып келетін, жатырдан бастап негізгі тәрбиені сіңдіртетін осы әйел заты. Бұл жаратылыс – нәзік әрі сұлу, іштей күшті, қылықты, сезімтал, айналасын ақылымен және айласымен гүлдендіріп, болмаса, түнертіп отыратын күшке ие. Әйел туралы қанша тілге тиек етсең де ашылмаған сыры мен жұмбағы көп дүниелер ақтарыла береді. Ал ислам әдебінде әйел атаулысы қандай болуы керек? Оның киім киісі, жүріс тұрысы, сөйлеу әдебі мен құқықтары қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.
Құран кәрімде:
Қыз баласын жат жұрттық санаған қазақ халқы қызды төрге шығарып, аялап, барын алдына қойған. Әжесі, анасы, жеңгелері бірлесіп тәрбие берген. Бұл дәстүр әлбетте еліміздің ата діні исламның өнегесі, ғұрып болып қалыптасқан әдебі. Екі дүние сардары болған Мұхаммед (ﷺ) өз сөзінде:
Қызды қырық үйден тиым жасап, әр әрекетін қадағалаған. Әлбетте, он екі де бір гүлі ашылмаған бойжеткен кім-кімнің болсын назарынан тыс қалмайды. Сондықтан да оның бүкіл бойға біткен әдебі, тәртібі өте маңызды дүние. Дана халқымыз: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп, бекер айтпаған.
Осы тұрғыда бүгінгі замандағы қыздардың мінез-құлқына соқпай кете алмаймыз. Итің ұры десе, намыстанатын қазақ қыз тәрбиесіне келгенде босаңсып қалған секілді. Олай деуге себеп, әлемді айтпағанда қарапайым тон терісін жамылған қазақтың кейбір қара көздері түскен жағдай ұлтымызды масқара етіп жатқан жайы бар. Ұяттан аттап, иманды ұмытып, көргенсіз деген атты жамылған қазақ қыздарын еске алғанда жүрегің қан жылайды. Мұның барлығы иманның әлсіздігінен туындап отырғаны күлліге айқын жағдай. Бірақ әуелден мұсылмандықты ұстанып, осы имани тәрбиені бойына сіңірген ибалы қыздар ұлттың ары болып, жүзін жарық етіп тұрғаны шүкірлік етерлік дүние. Аллаға шүкір егемендік туы желбірегелі бұқара халық өз ата діні исламмен қауышты. Ел ертеңі болар жастар да иманға бет бұрып, қазақы тәрбие қайта жандана бастады. Дегенмен бүгінгі таңда нәзік жандылар әдеп, иба тұрғысында қақ ортадан екіге бөлініп кеткені де рас. Сонымен, мұсылман қызы қандай болуы керек?
Ұят-әдепті белден басып өте беретін, отырғанда, тұрғанда өзінің жаратылысын ескермейтін, қызға өте жарасатын қымсыну, тартыну, қызару, имену деген ойына кіріп-шықпайтын қыз өзіне ғана емес, ата-ана, бауыр-туғандарына сөз келтіріп, жерге қаратады. Сондықтан қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлде болмайды.
Міне, қыздың келесі бір ахлағы – ұят. Пайғамбарымыз (ﷺ):
Жүрегінде иманы бар, Алладан қорқатын адам әдепсіздік жасаудан қашанда тартынады. Сондықтан қыз баласы иманын қуаттап, ұятты, инабатты, сыпайы, сыйлы болуы тиіс. Яғни барлық рухани жақсылықтар қыз бойынан табыла кетсе, ол болашақта салихалы әйелдерден болары сөзсіз.
«Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Олар тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне (яғни қайын аталарына), немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің (басқа әйелдерден туған) ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй, мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаға тәуба етіңдер!» – делінген [6].
Әуретті жабу – жалпы әйел заты үшін Алланың бұйрығы әрі ең маңызды мәселенің бірі. Барлығын білуші, көруші Жаратқан Раббымыз мұндай бұйрықты бекерге бермейтіні хақ. «Алла ешбір кісіге оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді...» [7]. Бүгінгі қоғамның бұзылуы да қыздардың тым ашық киінуінен. Ұзын жең, ұзын етек көйлек пен жаулық – қазақ халқының дәстүрлі киім үлгісі. Оны ешқашан бізден емес деп айта алмаймыз. Классик жазушы М.Әуезовше айтсақ,
Имам Абу Дауд Айшадан (р.а.) риуаят еткен хадисте:
Қыз бала көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Әйелдің өзіне харам болған адамдардың алдында әуретін жаппауы – күнә. Ал бір күнә он күнәны арқалайды. Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді демей ме, ата-әжелер?! Сән әлемі ғалам тұтқасын ұстаған бүгінгі таңда нәзік жандылар шариғат талабына сай киініп жүр ме? Әуретті қалай жапқан дұрыс?
Мұндағы басты шарттардың бірі – киім дене бітімді білдірмейтіндей кең болуы және жұқа болмауы керек. Бұған жоғарыда айтып өткен хадис дәлел бола алады. Кейінгісі, орамал омырауды жапқаны абзал, сондай-ақ, киім назар аудартатындай болмауы тиіс. Орамал астында түйілген шаш түйенің өркешіндей я гүл тәріздес етіп көрсетпегені жөн. Себебі, Әбу Һурайрадан жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:
Қазір сәнге айналғандай құлақ, мойын, сырға көрсету де қателік. Қыз баласының яғни әйел затының сыртқа бөтен ерлердің алдына шығарында бояу мен иіссуын өшіруі абзал. Байқағанымыздай, әйел заты «әурет» болып есептелгендіктен оның киім киісі мен мінез-құлқы ортаға, қоғамға, ұлтқа, мұсылмандарға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) риуаят етеді:
Иманды әйелдің өзі де, сөзі де сұлу, өйткені, ол ылғи да ақылына жүгінеді. Ал, әйелдерді қорғайтын ең мықты қалқан, ол – оның иманы. Нағыз сұлулық жан сұлулығы, жүрек тазалығы десек, соның негізі – иман. Әйел баласын Алла Тағала өте нәзік әрі әлсіз етіп жаратты. Оған табиғи рең беріп, көркемдеді. Толағай-тағдырдың салмағын нәп-нәзік жүрегімен көтере білсін деп оның әлсіз иығынан бастап, тұла бойын төзімді етіп жаратты. Және дүниеге адам әкелуді, әр ауыртпалықты жеңсін деп Алла Тағала оған мықты қажыр берді. Ерінің иманының толығуына, нағыз ер болып қалыптасуына әсер ететін де осы әйел. Омар ибн Хаттабтың (р.а.) риуаятында Алла елшісі (ﷺ):
Ер адамның жәннатқа кіруіне де әйелі мен отбасының жағдайлары себеп болмақ. Алла Тағала:
Исламда әйел адамға үлкен құрмет көрсетілген. Құран Кәрімде «Ниса» («Әйелдер»), «Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Сондай-ақ, «Нұр», «Ахзаб», «Мұмтахина», «Тахрим», «Талақ» сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның орны туралы кеңінен айтылған. Бұл – Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дәлел. Күйеуге ұзатыларда да қыздың разылығы міндетті түрде ескерілді. Құранда: «Әйелдер сендердің киімдерің, сендер әйелдеріңнің киімдерісіңдер» [14] - деп жұбайларды бір-бірінің денесін суықтан, ыстықтан қорғайтын, рухты түрлі зиянды нәрселерден қорғайтын киімге теңеген. Пайғамбарымыздың (ﷺ) әйел затына ерекше көңіл бөлу керектігі туралы хадистері өте көп. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ:
Әйелдің қыз бала шағынан қалыптасып дамитын мінез-құлқы, әдебі, киім киісі мен оның мәртебесіне тоқталып өттік. Ал енді әйел заты қандай жар болуы керек?
Бұл жөнінде ғалымдарымыз әйелдің күйеуі алдындағы міндеттері деп тізіп, көрсетіп берген. Ең алдымен әйел кісі еріне бағынуы тиіс. Бұл турасында қасиетті Құранда:
Сондай-ақ, әйел адам күйеуіне қиындық тудырмауы тиіс. Пайғамбарымыз (ﷺ) бір хадисінде осы жайлы былай дейді:
Əйелдің күйеуі алдындағы міндеттерінің бірі – ар-намысына кір келтірмей, еріне адал болуы. Əрбір мұсылман отбасының тəлімгеріне айналған Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді:
Әйелдің күйеуі алдындағы тағы бір басты міндеттерінің бірі – жыныстық міндеті. Хадисте:
Әйел адам күйеуінің рұқсатынсыз сыртқа шықпауы және басқа адамдарды кіргізбеуі тиіс. Сондай-ақ, күйеуі ұнатпаған адамдарды қонаққа шақырмауы керек. Бұған байланысты пайғамбарымыздың (ﷺ) мынадай өсиеті бар:
Әйел күйеуі тапқан мал-мүлкіне ұқыптылықпен қарап, үнемдеп, ие болуы керек.
Ерінің разылығын тапқан әйелдерге жәннат сүйіншіленген. Ерінің разылығын алу арқылы, Алланың рақымына бөленбек. Умм Салам (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді:
Әйел заты ерінің көмекшісі, қолдаушысы, ол басшылық етіп отырған отбасының ұйытқысы. Хадисте: «Мына дүниенің жалғандығы — ол өткінші бір өмір ғана. Өткінші өмірдегі қолдануға берілген жақсылық – ол салиқалы, жақсы әйел» [19]десе, екінші бірінде,«Менің үмметімнің ең жақсы әйелдері, күйеулеріне сәлемі түзу (яғни, бойсұнушы) және қанағатшылдары» [20] деген.
Осындай салихалы әйел-аналар тарихымызда естелік, бүгінімізге үлгі болып қалғаны баршаға белгілі. Айта кетсек, пайғамбарымыздың (ﷺ) сүйікті жары исламды ең бірінші болып қабылдаған Хадиша (р.а.), жастайынан исламды сусындап өскен, бар ғалымның білімінен асқан ілімі бар Айша (р.а.), қазақтың Зересі мен Ұлжаны, бодандық дәуірде жүрсе де басынан шәлісін тастамаған Сара ақын. Әлбетте, осындай басқа да тұлғалар мұсылман халқының тарихында өшпес алтын әріптермен жазылып қалды. Әйел болудың сырын осы тұлғалар жайлы естеліктерден біліп, үлгі тұтсақ, үлкен пайдасы болары сөзсіз.
Исламда «Жәннат – аналардың басқан ізінің астында» (Әнәс) деп әйел-ананың тұлғасы ерекше ұлықталған. «Пайғамбарымызға (ﷺ) келген бір адам: «Алланың елшісі, кімге жақсылық жасайын?», – деп сұрайды. Бұған Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Анаңа», – деп жауап береді. Әлгі адам екінші рет: «Одан кейін кімге жасайын?», - дегенде, - «Анаңа» деген жауап алады. Әлгі адам тағы: «Одан кейін кімге жақсылық жасайын?»,– дегенде Пайғамбарымыз (ﷺ) оған үшінші ретте де «Анаңа», – деп жауап береді. Тек төртінші рет сұрағын «Одан кейін кімге?», – деп қайталағанда, Пайғамбарымыз (ﷺ) оған: «Әкеңе», – дейді. Бұл хадис Исламда ананың (әйелдің) деңгейі үш есеге жоғары екенін көркем жеткізген.
Ана болу – әйел адамның бақыты. Ананың жауапкершілігі де қиындығы да көп. Сондықтан, Алла Тағала анаға сондай мол сауап
Алла тағала әйел затын қыз бала, жар, ана ретінде мол сауаптарға кенелтіп, мәртебесін көтергенін білеміз. Біздің басты мақсатымыз Аллаға мойынұсынған, салихалы, күйеуіне бағынатын, ардақты ана, аяулы жар, тәрбиелі қыз болу. Осындай жағдайда әйел заты өзі ғана емес жақындарын да берекеге кенелте алады. Ал олай болмаған жайдайда, «Әйел тозаққа түсетін болса, төрт еркекті өзімен бірге алып кетеді. Ол кім десеңіз, әкесі, ағасы, інісі, күйеуі. Бұл осы төрт кісі әйелдің түзу жүруіне жауапты деген сөз» дейді ғалымдар.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру