Бес уақыт намазды жамағатпен оқу еркек үшін бекітілген сүннет болып табылады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің барлық намаздарын жамағатпен бірге оқыған әрі барлық хадистерде жамағатпен намаз оқудың құндылығы айтылған.
Имам болатын адамға қойылатын талаптардың бірі – ол ер адам болуы тиіс. Сондықтан да әйел адам ер адамдарға имам бола алмайды. Солай десе де, әйел адам басқа әйелдерге имам бола алады, бірақ бұл мәкрүһ болып табылады. Егер әйелдер жамағат болып намаз оқуды шешсе, онда олардың арасынан имам болып табылғаны бөлек емес, алдыңғы қатардың ортасында тұруы тиіс. Имам әйелдің жамағаттың алдында тұруы мәкрүһ болып саналады. Бұған сүйене отырып айтатын жайт – ең дұрысы, әйелдерге жамағат болып намаз оқымай, намазды жалғыз оқығандары.
Егер бір үйде тек күйеуі мен әйелі ғана тұрса, онда күйеуі имам болады да, ал әйелі жамағат болып табылады. Бұл жағдайда әйел еркектен бір қатар аралықта орналасуы керек.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру