Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЛЕМДЕГІ ОРАМАЛДЫ АРУЛАР

15.02.2016 9089 0 пікір

Бахрейна Рукайя Аль-Гасара – Мысыр елінің танымал спортшысы, 200 метр қашықтыққа жүгіруден олимпиада ойындарының алтын алқа иегері. Ол өзі қатысқан барлық олимпиада ойындарына арнайы тігілген "хиджуд" деп аталатын жабық киім үлгісімен қатысып келеді.

"Менің орамал тағып қатысқан әрбір сайысымнан басқа елдің спортшы қыздары да рух пен күш алады деп ойлаймын. Себебі, ислам діні спортта да өзінің биік дәрежеде екенін көрсетуі керек!", -  дейді Бахрейна Рукайя Аль-Гасара.

Захра Лари (Zahra Lari) – Біріккен Араб Әмірлігінің ең танымал спорт жұлдызы. 20 жасар Захра қысқы олимпиада ойындарына орамалмен қатысқан тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы. Оны өз елінде "Мұз ханшайымы" деп атайды. Захраның осы спорт түріне келуіне де "Принцесса льда" фильмі қатты әсер еткен екен. Басқа елдің мәнерлеп сырғанаушылары бұл спорт түріне 4-5 жасында келсе, Захра 11 жасынан бастап айналысқан.

"Біздің елде әйелдер қауымына спорт түрімен айналысуына басқа елдердегідей еркіндік бола бермейді. Мәнерлеп сырғанаудан тіптен спортшы жоқ десем де болады. Бірақ, бұл қадамды алғаш болып мен жасадым. Ал, елдің алдына орамал тағып шығуым бұл ерекшелік қана емес, менің ислам дініме деген құрметім. Халқым менімен бірге, мен орамалыммен біргемін...", - дейді Захра Лари.

Ибтихадж Мухаммад (Ibtihaj Muhammad) – АҚШ-тың 30 жасар ең үздік семсерлесуші әлем чемпионы. Мухаммад 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін олимпиада ойындарына орамалмен қатысатын жалғыз американдық семсерлесуші.

"Мені алда өтетін олимпиада ойындарында семсерлесуші деп таныстырғанда көрерменнің менен мұндайды күтпейтіні анық. Олимпиада ойындарына алғаш рет осылай орамал тағып қатысу арқылы ислам дінінің күнделікті өмірге де, спортқа да, алға қойған мақсаттарға да еш кедергісі жоқ екенін білдіргім келеді...", - дейді Ибтихадж Мухаммад.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру