Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жақсы жар - дiннiң жартысы

11.02.2015 6217 0 пікір

Ибраһим пайғамбардың ұлы Ысмайыл алыста жүрiп үйленiптi. Әкесi мұны естiп, ұлын iздеп келiптi. Келсе, үйде ұлы жоқ, келiнi атасын есiк алдынан қарсы алады. Келiншек үйiне келiп тұрған өзiнiң қайын атасы екенiн, әрине, бiлмейдi. Ыстық күнде жолдан шаршап, шөлдеп келiп отырған қарияға үйге кiрiңiз, сусын iшiңiз деген сынды iзет бiлдiрмейдi. Пайғамбар одан тұрмыс жағдайын сұрайды. Сол кезде келiншек тұрмыстың ауыр екенiн, күйеуiнiң көл-көсiр дүние таппайтынын «жыр» қып айтады. Жағдайдың баршасын ұққан қария аттанарда:

- Күйеуiң келгенде оған айт. Үйдiң босағасын ауыстырсын, сол кезде тұрмыс түзеледi, - дептi. Сөз мәнiн түсiнбейтiн ақылсыз әйел күйеуiне көрген-бiлгенiн түк қалдырмай айтып бередi.

Ысмайыл келiп кеткен өзiнiң әкесi екенiн, оның келiнiне көңiлi толмай, ренжiп қайтқанын түсiнедi. Үйдiң босағасын ауыстыр дегенi - әйелiңдi ауыстыр дегенi екенiн де бiледi...

Келесi жылы Ибраһим пайғамбар баласын қайта iздеп келедi. Баласы тағы да үйде жоқ екен. Бұл жолы үйден басқа келiншек шығады. Жол соғып, қалжыратқан қарияны төрiне отырғызып, дәммен сыйлап күтедi. Тұрмыс-тiршiлiгi жайлы сұрақтарына «Құдайға шүкiр, Алланың бұйыртқаны болып жатыр, - деген сынды жауабын бередi. Күйеуiнiң қандай адам екенiн сұрағанда, оның иманды адал азамат екенiн айтып, ризалығын бiлдiредi. Ибраһим пайғамбар аттанарда:

- Күйеуiңе сәлем айт, үйдiң босағасын берiк ұстасын, - деп қайтып кетедi.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру