"Қымбатты қызым! Тәңірімнің бұйрығы келген күні, мен қартаямын... Сол кезде шыдамдылық танытып, маған түсіністікпен қарауға тырыс. Ас ішкен кезімізде, байқамай бірдеңені шашып, төгіп, былғап жатсам, сенің көмегінсіз киіне алмайтын жағдайда болсам, шыдамды бол. Бұның бәріне өзіңді үйреткен сәттер жадыңда ма?
Сенімен әңгімелесіп жатып, бір айтқанымды қайта-қайта айта берсем, сөзімді бөлмей, соңына дейін тыңда. Бала күніңде, ұйықтасын деп, саған бір ертегіні қайталап оқи беретінімді есіңе алғайсың... Заманның талабына сай енген технологиялардан хабарсыз болып, меңгере алмай жатсам, күлме. Қайта соған үйренуіме ықпал жасап, уақыт бер. Мен сені қаншама нәрсеге үйреттім ғой... Дұрыс тамақтану тәртібі мен сәнді киінуден бастап, өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы болуға үйреттім емес пе?! Бір мезетте бір нәрсені ұмытып, болмаса әңгімеміздің мәнін жоғалтып алсам – есіме түсіруге уақыт бер. Ал егер, сол қалпы ойыма келмесе, қапаланба... Себебі, маңыздысы айтқанымда емес, дәл осы сәтте сенің жаныңда аман сау бола алатынымда, сен мені тыңдай алатыныңда, күнім. Қажып, шаршаған кездерімде, аяқтарым талатын болса, алғаш қадамдарыңды жасаған кезінде мен саған қолымды бергендей, сен де маған тірек бол. Ал егер бір күні, қажыдым, өмір сүргім келмейді дейтін болсам, маған ашуланба... Бір күні сен де мені түсінерсің. Қарттығымды көріп мұңайма, дәрменсізбін деп ашуланба. Дүние есігін ашқаныңда мен саған жәрдем болып, жаныңда болғанымды есіңе алып, сен де мені қолдап, әрқашан жанымнан табылуын тиіссің. Өмір жолын сүйіспеншілік пен махаббаттың айналасында аяқтауға жағдай жаса. Есесіңе мен саған ешкашан сөнбейтін ана мейірбандылығы мен махаббатың сыйлаймын. Мен сені жақсы көремін, жарқыным!"
Елеман Азиза
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру