Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жәһәннамға отын болатын әйелдер. Мутаатиралар (Көшеге хош иіс сеуіп шығушы әйелдер) (2)

12.04.2014 5544 0 пікір

Ислам жаман сасық иісті жек көреді. Ол хош иіс сұлуларын ұнады. Пайғамбарымыз, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, хош иісті жақсы көрер еді:

«Сіздердің дүниелеріңізден маған екі нәрсе сүйдірілді: әйелдерім және хош иіс. Ал көзімнің қуанышы намаз болды».

Әйел өз еріне сүйікті, шырайлы көріну үшін қаншалық хош иістер сеуір жүрсе, соғұрлым жақсы. Бірақ олардың бөтен адамдар бар жерге нәпсіні оятатын әтірлерді, әсіресе француз әтірлерін сеуіп көшеге шығу әрекеттері мүлдем дұрыс емес.

«Бір топ адамдардың қасынан өтіп бара жатқан әйелдің сепкен әтірінің иісі топтың алдына дейін жетсе, ол әйел зина қылушы».

Исламда әйелдің мешітке немесе зәру істі бітіру мақсатында басқа жерге шығуы шарт емес. Тек қағидаға сай киініп, ешқандай хош иіс сеппей щығуына болады. Өйткені әйел өзінің хош иісімен бөтен еркектердің көңілің бұзып, нәпсісін қозғауы мүмкін. Пайғамбарымыз, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, бұл жөнінде:

«Аллаһтың құлдарын Аллаһтың мешітіне баруға тиым салмаңдар. Бірақ олар өздеріне хош иіс сеппей барсын», - деген.

Ислам – әйелдердің өзіне қарамай, салақсып жүруін мақұлдамайды. Әйел барлық уақытта пәк таза болуы керек. Сүннет бойынша, денесін әр түрлі харам нәрселерден таза ұстауы және тазалық, ұқыптылық сипаттары оның өн бойынан көрініп тұруы тиіс. Сонда ғана ол өз еріне әрдайым сүйікті, нағыз жар болып көрінері хақ.

А. М. Хаттаб

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі