Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жәһәннамға отын болатын әйелдер. Мутабаррижа (Сәнді киім киюші әйелдер) (1)

08.04.2014 7691 0 пікір

Дінімізде әйел затын өмірде түрлі жамандықтардан, шайтанның азғыруынан сақтауға көп көңіл бөлінеді. Ислам әйелдердің пәк, таза, ар – ұятты болып жүруін қалайды. Олардың бөтен еркектердің нәпсісін қозғап зинақорлыққа итермелеуін қаламайды, қайта әейел кісіге ұят пердесіне оранып жүруді бұйырды. Әйтпесе, адам бейнесіндегі бөрілердің көзінің сұғы олардың нәзік тәніне зиян келтіруі мүмкін. Құранда:

«Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәуірінше ашылмаңдар»,-деген. (Ахзап 33:313). Бұл жерде ашық – шашық дегенде әңгіме әйелдің көкірегі, желкесі және шашы туралы болып отыр. Біздің өмір сүріп жатқан ғасырымызда әйелдер барынша ашық – шашық жүреді, олардың бұл тұрғыда тым шектен шығып кеткені жасырын емес. Денелерінің барлық жерін көрсетіп, көшеде ешкімнен қымсынбай жүре береді. Ал негізінде шахуатты, нәпсіқұмар арам ойлы кісілердің сөздері мен әрекеттері арқылы болатын әр түрлі жәбір-жапалардан сақтанып жүруі үшін әйелдер оранып жүруге бұйырылған.

«Әй пайғамбар! Жұбайларына, қыздарыңа және мүмин әйелдерге айт, үстеріне бүркеншіктерін орасын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Аллаһ аса жарылқаушы, тым мейірімді». (Ахзап 33:59)

Расулуллаһ, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, әйел кісінің бет жүзі мен екі алақанынан басқар барлық мүше әурат (ұят жер) деп атаған. Әйелдің барлық денесі әурат, тек егер ол фитнадан, яғни жүрістен аман болса, бет жүзі мен екі алақанына басқа жері жабық болуы тиіс.

Әсма бинт Әбу Бәкір Расулуллаһтың, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм, үйіне кіргенде үстінде жұқа матадан тігілген көйлегі бар еді. Сонда Пайғамбарымыз, сәллә Аллаһу алейһи уә сәлләм:

«Ей, Әсма! Балиғатқа жеткен әйел тек мына жерін көрсетіп жүруі тиіс», - деп жүзі мен екі алағанын көрсетті.

Көшеге сәнді киім киіп, омырауы мен балтырын, санын көрсетіп шыққан әйел шыбын жеп жатқан тәтті жеміске ұқсайды. Ал қымтанып, зейнетін жасырған таза, пәк әйелдер маңайындағылардан ізет, құрмет көреді. Ешкім оларға жаман оймен назар салмайды. Құран жамандық есіктерін қатты бекітіп тастауға бұйырады.

«Мүмин әйелдер көкіректерін бүркеншіктерімен бекітсін». (Нұр 24:31). Орамал әйелдердің шашын, желкесін, білектері мен көкіректерін жауып тұрады. 

 

А. М. Хаттаб

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру