Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зульфия Акатаева – қазақстандық сәнгер , ZUFA сәнді мұсылмандық киім маркасының иесі

19.03.2014 9192 0 пікір

Зульфия Акатаева – қазақстандық  сәнгер , сонымен қатар ZUFA сәнді мұсылмандық киім маркасының  иесі болып табылады. «Сымбат» Сән Академиясын бітірген. «Әдемі киім-әйелдің көркі» атты республикалық сәнгерлер конкурсының жүлдегері.

Мен жас кезімнен сурет салумен, тоқымамен, тігумен айналыстым. Сол кездің өзінде болашақта сәнгер болатынымды түсіндім. Өзіме көптеген сәнді киімдерді ойлап табатынмын, ал анам оларды шындыққа айналдырып отырды. Мұсылман киімдерінің үлгілерін жасау, оларды қалайша әдемі және жабық, әрі қарапайым киінуге болады деген сұрақ туындағанда ғана ойға келді.  Сосын хиджаб сән үлгілерін өзім үшін құрастыра бастадым. 

ҚМДБ – ның ұйымдастыруымен «Әдемі киім-әйелдің көркі» атты республикалық  конкурска қатыстым. Сол кезде менің сәнді киімдерімді  көп әпкелеріміз ұнатты.

ZUFA өз жұмысын 2011 жылдан бастады. Сол кезден бүгінгі күнге дейін өзінің алармандарын жаңа топтамалармен, және бас киім үлгілерімен қуантуда.

Дизайнер мұсылман әйелдеріне арнап, өмірдің барлық жағдайларына қарай,  жеңіл әрі ыңғайлы киімдер жасап шығаруда.
Киімдерді құрастырмас бұрын негізгі қағидаларды ұстанамыз. Бұлар – шариғат үкімдеріне сай болуы, ыңғайлылық пен сапа, қайталанбас үлгі мен әр маусымға сай сәндік бағыт (түсі, үлгі, мата)және қолайлы баға.

Сұхбатыңызға алғысымызды білдіреміз! Сән саласында мұсылман әйелдердің  киім үлгілерін жақсы білетін, түсінетін, өз жұмысын жақсы көретін мамандардың болуы біз үшін қуаныш! Сізге шығармашылық табыс тілей отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, көркейе беріңіздер деп тілеймін!

Сұхбаттасқан Сатаева Айзат

muftyat.kz

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру