Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйел мен арыстан.

07.03.2014 8998 0 пікір

Бір ауылда өте ақылды, сәуегей адам өмір сүріпті.

Бір күні оған бір әйел келіп: « Күйеуім менен басқа ешкімді жақсы көрмейтіндей маған сыйқырлайтын шөпдәрі жасап берші», - деп сұрайды.

Сәуегей біраз ойланып: « Жарайды, мен саған жасап беремін, жасаймын», -деп әйелге тіке қарайды.

Әйел қуанышын жасыра алмай: «Шын ба?», -деп төбесі көкке жетеді.

Сәуегей ой үстінде отырып: « Әрине, бірақ бұл дәрі үшін маған бір қоспа керек»,- дегенде, әйелдің қуанышы су сепкендей басыла қойды.

Әйел не керектігін сұрауға асығып: «Қандай?», - деген бір ауыз сөзбен шектелді.    

Сәуегей түсін суытып: «Маған тірі арыстанның жалынан алынған шаш керек», - деп дауысын көтере сөйлейді.

Әйел қорқыныштан: « Мен оны қайдан табам, қалайша тірі арыстанның жалынан шаш аламын? Өлген арыстанның терісінен алсам болмай ма...?», - деп бәсең үнмен, сәуегейге жалбарына қарады.

Сәуегей бастапқы айтқан сөзінен таймай: «Жоқ, тек қана тірі арыстанның жалынан алынған шаш керек», - дүрсе қоя береді.

Әйел шарасыз күй кешіп: «Жарайды, қолымнан келгенін жасаймын», - деп соңғы сөзін айтып, жолға шығады.

Күйеуінің жанында әрқашан болғанын қатты қалаған әйел, ойланбастан жолда аңшыға жолығып, бар оқиғаны баяндай келе: «Қалайша арыстанның жалынан шашты кесіп алуға болады?», -  деп көмек сұрайды.

Аңшылар өз тәжірибесінен әйелге көмек беріп былай дейді: «Ол шашты арыстан қатты тойынғанда кесіп алуға болады, бірақ ол жанына адам баласын жолатпайды ғой».

Әйел көп ойланбастан: «Жарайды, бірақ мен бәрібір байқап көремін», - деп бастапқы ойынан тайынбады.

Күндердің бір күнінде жаңағы әйел, сәуегейге келіп: « Міне, мен сенің айтқаныңды алып келдім», -деп қуанышын жасыра алмай, алып-ұшып тұрған әйелді көрген сәуегей шошып кетеді.

Ол абыржыған күйде: «Сен қалайша мұндай іс-әрекетке бардың? Барлығын басынан айтып берші», - деп таң қалысын жасырмады.

Әйел басынан өткен оқиғаны баяндай бастайды: « Мен арыстанды бірнеше күн бойы аңдыдым. Оның әдетін, мінезін, іс-әрекетін бақыладым. Содан мен оған өзіне қатты әсер ететін ең басты әдісін қолдандым».

Сонда сәуегей сәл ғана жымиып: «Енді сен үйіңе қайт, күйеуіңнің жанына бар да, сол әдісті күйеуіңе қолдан, ол сен ойлағандай арыстан сияқты жыртқыш аң емес. Ол сені жеп қоймайды», -деп сәуегей соңғы сөзін айтқан екен.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру