Футбол алаңында ойын өнерін көрсетіп жүрген қарындастарымыздың арманы орындалды. Наурыз айының 1-і күні халықаралық футбол ұйымы ойын кезінде мұсылман бойжеткендеріне шариғат шәлісімен өнер көрсетуге ресми түрде рұқсат берді.
ФИФА-ның бас хатшысы Джерома Вальке осынау жағымды жаңалықты растап отыр. Ендігі жерде спорттың осынау түрін таңдаған қарындастарымыз спорттық киім үлгісіне сәйкес шариғат шәлісімен ойын өрнегін көрсететін болады.
Мұндай шешім сикх коммунасының өкілдеріне де, яғни, ерлерге де қатысты екенін айта кету керек.
2007 жылы ФИФА қандай да бір жарақат алу қаупін желеу етіп, шариғат шәлісіне тыйым салған еді. Ал, 2010 жылы аталмыш футбол ұйымы 2012 жылы Лондон қаласында өтетін олимпиада ойындары кезінде мұсылмандарға да, наным-сенімі өзге спортшыларыға да шариғат шәлісімен өнер көрсетуге тыйым салған болатын. Алайда, 2012 жылдың наурыз айында футбол қауымдастығының халықаралық кеңесі мұсылман бойжеткендеріне шариғат шәлісімен жүруіне рұқсат еткен еді. Аталған кеңес бұл шешімді 2012 жылдың шілде айында Азия футбол конфедерациясының өтініші негізінде мақұлдады.
ФИФА шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, олардың мұндай қадамға баруына Иордания королі Абдолла ІІ-нің бауыры Әли ықпал еткен көрінеді.
muslim.kz
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру