Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Клизма жасау оразаны бұза ма?

fatua.kz 06.05.2020 10021 0 пікір
Клизма жасау оразаны бұза ма?
Сұрақ: Клизма жасау оразаны бұза ма?

Жауап: Ибн Абидин Роддул мухтар кітабында: «Егер клизма қабылдап немесе мұрнына дәрі тамызса оразасы бұзылып, тек қазасы өтеледі. Ал егер дәрі мұрынның ішінде қалып, ішке өтпесе оразаны бұзбайды. Өйткені оразаны бұзатын нәрсе дәрінің ішке жетуі» - деген.

Төрт мәзһаб ғұламалары тік ішек арқылы ішке қандай да затты енгізу оразаны бұзады деп есептейді. Сол себепті клизма арқылы ішке су, дәрі жіберу тік ішек арқылы ішке енгендіктен оразаны бұзып, күніне-күн қазасын ұстап береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру