Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорсиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар рухани келісім мен конфессияаралық татулықты нығайту, қоғамдағы бейбітшілік пен өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ дін саласындағы өзара түсіністік, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту және тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстандағы конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың маңызына тоқталып, ҚМДБ-ның діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, жастар тәрбиесі, қайырымдылық және рухани-ағартушылық бағыттарда жүзеге асырып жатқан жобалармен таныстырды.
Өз кезегінде Елші Салли Джейн Аксуорси жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Қазақстандағы дінаралық келісім мен толеранттылық тәжірибесіне жоғары баға берді. Сондай-ақ екіжақты өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытатынын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы ізгі бастамалардың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
28.07.2026
329
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру