Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесінде атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған жиын өтті.
Басқосуда қасиетті мереке күндері жүзеге асқан діни, қайырымдылық, ақпараттық және цифрлық жобалардың нәтижелері сараланды. Жиында ҚМДБ-ның «Цифрлық даму» бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы qurban.muftyat.kz онлайн платформасының жұмысы мен өңірлер бойынша орындалған тапсырыстардың қорытындысы жөнінде баяндама жасады.
Сондай-ақ ҚМДБ-ның «Ақпарат және қоғаммен байланыс» бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы Құрбан айт аясында жүргізілген ақпараттық-насихат жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Өз кезегінде ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылған қайырымдылық шаралары мен мұқтаж жандарға көрсетілген көмектердің қорытындысын баяндады.
Жиын барысында Құрбан айт күндері атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштері сараланып, жүзеге асқан жобалардың тиімділігі талқыланды.
Басқосу соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті мереке күндері халыққа қызмет көрсетіп, қайырымдылық және ұйымдастыру жұмыстарына белсенді атсалысқан дін қызметкерлері мен жауапты мамандарға алғыс айтып, алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
02.06.2026
981
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру