Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған бірнеше отбасыға Құрбан айт еттерін табыстады.
Игі шара барысында мұқтаж жандарға Құрбан айтқа арналған құрбандық еті, азық-түлік себеттері мен балаларға тәтті тартулар табысталды. Бұл игі бастама мереке күндері мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, олардың көңіліне қуаныш сыйлау бағытталған.
Кездесу барысында Бас мүфти Құрбан айттың қоғамдағы өзара жанашырлықты арттырып, адамдарды мейірім мен ізгілікке үндейтін ерекше мереке екенін атап өтті.
«Құрбан айт – мұсылмандарды қайырымдылыққа, бауырмалдыққа және мұқтаж жандарға қамқор болуға үндейтін ұлық мейрам. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүзеге асырып отырған Qurban.muftyat.kz онлайн платформасы арқылы жыл сайын мыңдаған отбасыға көмек көрсетілуде. Бұл – халқымыздың асыл дәстүрі мен кеңпейілдігінің айқын көрінісі», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қайырымдылық шарасына қатысқан тұрғындар шынайы алғыстарын білдіріп, айт қарсаңындағы мұндай қамқорлықтың олардың отбасыларына ерекше қуаныш сыйлағанын жеткізді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
27.05.2026
824
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру